Қапшағайда коронавирус туралы қауесет таратқан жедел жәрдем қызметкерлері ұсталды

old.ssmp-almaty.kz
old.ssmp-almaty.kz
29 қаңтарда WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам түскені туралы ақпарат таратқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қапшағайда коронавирус туралы қауесет таратқан жедел жәрдем жүргізушілері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  29 қаңтарда WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам түскені туралы ақпарат таратқан. Тексеру кезінде бұл ақпарат расталмады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды, олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханада жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ересек адамдардың жалған ақпаратты таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады», - делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  Полицейлердің айтуынша ұсталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 1-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«Тергеу шараларын жүргізу Қапшағай тергеушілеріне жүктелді. Күдіктілер тергеу уақытында шақырған уақытта міндетті түрде келу процессуалдық шешім шығарылды», - делінген хабарламада.

Новости партнеров