Қарағанды облысында судья тоғыз жылға сотталды

Айгуль Тулекбаева
Айгуль Тулекбаева
Судья заңгерді әріптестеріне 8 миллион теңге пара беруге итермелеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Ғабдуллин алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімді 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

Күдікті «Оливия» ұйымының заңгері Кантер-Скрипкинаны судьяларға 8 миллион теңге пара беруге арандатты деп айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, бұл үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьялары кәсіпорынның талап-арызын қанағаттандыруға тиіс болған.

«Оливия» ЖШС заңгері Кантер-Скрипкина пара бермек болғаны үшін үш жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Новости партнеров