|
23.06.2021 | 16:31
648

«Бейбітшілік эстафетасы – жастарға»: Алматыда халықаралық онлайн форум өтіп жатыр

Халықаралық форум ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр

«Бейбітшілік эстафетасы – жастарға»: Алматыда халықаралық онлайн форум өтіп жатыр

«Бейбітшілік эстафетасы – жастарға».  Алматыда осындай атаумен халықаралық онлайн форум өтіп жатыр. Конференцияның екінші күнінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының ардагерлері Аман Мұстафин мен Майдан Әбішев Қазақстандағы ядролық қауіпсіздік саласындағы жағдай мен ядролық қаруды таратпау мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, жиында әлем бойынша қарусыздану саласындағы еліміздің жетекшілігі мен алатын орны тақырыбы талқыға салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің ойымыз жастар біздің Қазақстанның дүниеге істеген жақсылығын, бұл қозғалыс арқылы әлем Қазақстанды таныды. Тек Қазақстанды ғана емес басқа өлкелерді де осындай ядролық қорқынышты оқиғадан құтқарып алғаны  тоқтап қалмауы керек», – деді «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының ардагері Аман Мұстафин.

Айта кетейін, халықаралық форум ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналды. Айтулы датаның құрметіне орай конференция 5 күнге жалғаспақ. Онлайн форматтағы форумды қазақстандық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының YouTube арнасынан тамашалауға болады.

«Бұл акцияның негізгі мақсаты мынау –  «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының ардагерлерімен жастарды жүздестіру, оларды кездестіру, олардан сенімді ақпарат алу», – деді ЮНЕСКО аясындағы халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Айбек Сыдықов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир