Бүгін күллі мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін күтеді. Осыған орай Алматының Орталық мешітінде 2500 адамға ауызашар берілсе, 1500 адам осы жерден сәресін ішетін болады. Сонымен қатар, қадір түні, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа тұс келгендіктен, жазықсыз жапа шегіп, жан тапсырған алаштықтардың рухына құран бағышталады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мұсылмандар бұл түнді ерекше қадірлеп, құрметпен, құлшылықпен өткізуі үшін Алматыдағы имамдар түрлі бағдарламаларды жосарлап дайындалған. Сондай-ақ, Орталық мешітте Рамазан бойы мешіт жамағаты арасында «Раббым! Білімімді арттыр!» сайысы өткен болатын. Бүгін жарыс жеңімпазына жеңімпазына Ұмра қажылығына бару сертификаты табысталмақ.
«Қадір түні – Алла Тағала құран кәрімде арнайы сүре түсірген түн. Қадірлі түн. Құлшылықтың түні. Бұл мың айдан қайырлы, абзал болған түн. Осы айда жасалатын ғибадат, құлшылықтар, мың айда жасалатын құлшылықтың сауабынан артық деген сөз», – дейді Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек КЕРІМБЕКҰЛЫ
Алматы орталық мешітінің бастамасымен осы Рамазан айында үш отбасыға пәтер кілті табысталды. Күн сайын 500 адамға мешітте ауызашар дастарханы жайылып келді. Ал, ертең 800-ге жуық адамға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға азық-түлік тегін таратылмақ.