|
31.05.2019 | 16:36
1905

«Ұлт тағдыры» Қызылжар жастарын Қосановтың бағдарламасымен таныстырды

«Ұлт тағдыры» Қызылжар жастарын Қосановтың бағдарламасымен таныстырды

Ел Президенті сайланатын күн жақын. Сәйкесінше, үгіт-насихат жұмыстарына берілген уақыт та аз қалды. Президенттікке үміткердің бірі – «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің өкілі Әміржан Қосановтың Солтүстік Қазақстандағы штабының мүшелері жұмысшы жастармен жүздесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Штаб өкілдері мұндай жиындармен шектелмей, сайлауалды сипатқа ие тағы бірнеше шараны қолға алды. Бұл жолы саяси құжат пен оның негізгі бағыттары Қызылжар жастарына таныстырылды.

«Ұлт тағдыры» ұйымының атынан түсіп отырған Әміржан Қосановтың бағдарламаларын халыққа таныстырып жатырмыз. Солтүстік Қазақстан жұртшылығы ол кісінің алға қойған мақсаттарын жақсы қабылдап, алдағы уақытта өз таңдауларын жасайды деген ниеттеміз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының жетекшісі  Аманжол ЗАҒЫПАР.

Кездесу барысында қатысушылар бағдарламаның жастарға қатысты тұсына назар аударды. Бұдан бөлек үміткер ұстанымына қатысты өз ұсыныстарын да білдірді. Жергілікті штаб мүшелерінің мақсаты – бағдарлама жайлы ақпаратты мүмкіндігінше көп азаматқа жеткізіп, үгіт-насихат жұмыстарының аясын кеңейту. Ол үшін шалғайдағы ауылдарға бару жоспарда бар. Бұдан бөлек, саяси науқан аяқталғанша облыстық штаб өкілдері тағы бірнеше шара ұйымдастыруды көздеп отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир