Солтүстік Қазақстан облысында тағы да қанаттылар қырылып жатыр. Бұл жолы құс тұмауы Қызылжар ауданы Малое Белое ауылындағы фабрикадан анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың мәліметінше барлығына бұған дейін вакцина салынған. Ал, құс фабрикасында 600 мыңға жуық құс бар. Мамандар шұғыл арада олардың өлекселерін күйдіріп, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қоса аталған фабриканың өнімдерін саудалауға тыйым салынды. Бүгінде құстары қырылған 15 азаматқа 65 миллион теңге өтемақы берілген. 122 тұрғынның құжаттары республикалық комиссияға жіберіліпті.
«Құстардың өлім-жітім саны анықталып жатыр және де сол өлген құстарды жою жұмыстары жүргізілді», – деді облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында қанаттылардың қырылуы қыркүйек айында да тіркелген еді. Онда аса патогенді құс тұмауынан 208 мыңға жуығы өлген. Олардың ішінде 16 мыңнан астамы үй құстары, ал қалғаны құс фабрикасының қанаттылары.