Қазақстан бойынша қандай мамандар тапшы

Almaty.tv
Almaty.tv
Осы мақсатта Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы республикалық семинар-тренинг ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміз бойынша еңбек нарығында автожол мамандары, инженерлер, зертханалық жұмыспен айналысатын қызметкерлер тапшы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы мақсатта Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы республикалық семинар-тренинг ұйымдастырды. Мақсат – салаға қажетті кадр даярлап, олардың тәжірибесін шыңдау. Оған еліміздің 17 өңірінен келген маман қатысып, өзара пікір алмасты. Іс-шараны ұйымдастырушылардың пікірінше, автожол саласының білікті қызметкерін дайындайтын оқу орындары елімізде жеткілікті. Десе де жастардың басым көпшілігі мұндай мамандықтарға түсуге құлық танытпайды екен. Респубиликалық тренингтің маңызы зор, дейді жауаптылар.

«Бұл үлкен проект болып саналады. Биыл республика көлемінде жас мамандар кеңесі құрылды. Кеңеске 40 адам кірді. Әр қаладан әр облыстан жастарымыз жиналып жатыр. Кеңестің мақсаты – өз ортамыздан маман дайындау», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК адами ресурстар қызметінің басшысы Әсем Қали.

Оқи отырыңыз: Елімізде білікті ұшқыштар тапшы

Новости партнеров