|
08.02.2020 | 16:33
2600

Алмалы ауданында 200-ге жуық аула абаттандырылады

Ағымдағы жылы тұрғын үйді жаңғырту 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалғасады

Алмалы ауданында 200-ге жуық аула абаттандырылады almaty.tv

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың есептік кездесуіне қатысты. Жиында аудан әкімі өткен жылы атқарылған іс-шараларға қысқыша тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басым міндеттердің бірі — аула ішіндегі кеңістіктерді кешенді жаңғырту болып табылады. Ауданда 861 аула аумағы бар. Өткен жылы 215 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы 192 ауланы жөндеу жоспарлануда. Осылайша 40 мыңнан астам тұрғын үшін қолайлы орта жақсарады.

Аудан әкімі Б. Торғаев мәлімдегендей, өткен жылы 59 көппәтерлі үйдің тұрғындары «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша шатырды, инженерлік желілерді және 88 лифтті жаңғыртқан. Ағымдағы жылы тұрғын үйді жаңғырту 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалғасады.

Ауданда 7 ескі үй бұзылып, оның орнына жаңа үйлер салынды. Осылайша 52 отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды.

Қала тұрғындары иесіз желілердің мәселелерін жиі айтады. Өткен жылы коммуналдық қызметкерлердің балансына 8,5 шақырым электр, жылу және кәріз желілері берілді. Ауданның 15,2 шақырым иесіз желілері мен 18 трансформаторлық қосалқы стансаларын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир