«Байқоңырды» жалға беру шарты өзгерді

«Байқоңырды» жалға беру шарты өзгерді
Жерүсті ғарыш инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу жұмыстары үшін 233 млн АҚШ доллары бөлінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

«Алғашында жобаны «Ангара» ресейлік зымыранның негізінде іске асыру жоспарланған болатын. Бірақ, «Ангара» уақытында дайын болмаған. Мәселені қосымша пысықтаудың нәтижесінде Тараптар жобаны «Союз-5» зымыраны негізінде іске асыруды шешкен. Осылайша Ресей Федерациясы зымыранды жасау ісіне жауап берсе, Қазақстан жерүсті инфрақұрылымын қамтамасыз етуі тиіс.

«Осы жобада Ресей тарапы «Союз-5» зымыранды, техникалық және старттық кешендерінде бақылау-тексеру жабдықтарын құруды, сондай-ақ үдемелі блоктың техникалық кешенін, ғарыш аппаратын және ғарыштық бастиек бөлігін жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Осы жұмыстар 916 млн АҚШ доллары сомасында бағаланды», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ.  

Старттық және техникалық кешендерді жаңғырту, жұмыс істеп тұрғандарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ жерүсті ғарыш инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу жұмыстары үшін 233 млн АҚШ доллары бөлінеді. Оған қазақстандық компанияларды барынша тарту жоспарланып отыр, деді ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев. Аталған заң жобасын Сенат депутаттары бірауыздан мақұлдады.

«Ең алдымен Заң жобасының қабылдануы сол өіңрдің экономикалық, экологиялық, әлеуметтік дамуына оң ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, жоба шеңберінде экологиялық қауіпсіздік мәселелері де қаралған. Жалпы алғанда жобаның сәтті жүзеге асырылуы, қазақстан үшін ұзақ мерзімді перспективасы бар», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Дана НҰРЖІГІТ.

Новости партнеров