Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалау үшін автобуспен Түркиядан шыққан саяхатшы отбасы Ақтауға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар Қазақстаннан бұрын Грузия, Әзірбайжан елдерінен өткен. Анкарадан 12 тамызда шығып, Астанаға бет алған көлік ішінде керек заттың бәрі бар көрінеді. Азаматтардың айтуынша, бұл іс-шараның маңызы зор.
Айта кетейік, Әзірбайжанның пандемия кезінен бері жабық тұрған кеден қақпасы да дәл осы жиһанкездер үшін арнайы ашылған.
– Түркияда көшпенділер ойындары туралы жаңалықтарды жібермей қарап отырдық. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтетінін білгенде, барғымыз келді. Ұйымдастырушыларға хабарластық, олар бізге ойынды тамашалауға шақырту жіберді. Көліктің аты – көшпенді (Göçebe). Бағытымыз – көшпенділер ойыны, – деді саяхатшы Бурак Дуран.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 14 жаңа әлеуметтік нысан ашылды