Диетолог Алексей Кабанов тамаққа қатысты қандай әдеттер қатерлі ісіктің дамуына әсер етуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, дұрыс тамақтану қатерлі ісікпен күресудің маңызды факторы саналады. Ал дұрыс тамақтанбаудың салдары қатерлі ісік қаупі жоғарылауына әсер етуі әбден мүмкін.
- Белгілі бір өнімдерді тұтыну зиян деп айта алмаймыз, бұл тұста тамақтану стилі туралы айтқан орынды. Қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын тамақтанудың екі түрін айтуға болады: "Батыс диетасы" және "кедейлердің диетасы", - дейді Алексей Кабанов.
"Батыс диетасына" жануар майы бар ет өнімдерінің көп мөлшері, тұз бен қанттың көп мөлшері тән. Бұл кезде талшықтар ағзаға шектеулі мөлшерде ғана енеді. "Кедейлердің диетасына" фаст-фуд, шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар, сапасы төмен сүт өнімдері кіреді. Кабановтың айтуынша, бұл диетаның екеуі де денсаулыққа әсер етуі ықтимал.
Дәрігер артық салмаққа әкеп соғатын кез келген тамақтану стилі де қауіпті екенін айтты. Маман тәтті, газдалған сусын, кондитерлік өнімді көп мөлшерде тұтыну онкология қаупін едәуір арттыратынын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Петропавлдың орталығынан ер адамның мәйіті табылды