|
03.05.2022 | 16:44
3499

Қару тапсырғандарға сыйақы беріледі

Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссия қарудың техникалық жай-күйін ескереді

Қару тапсырғандарға сыйақы беріледі Almaty.tv

Қазақстанда заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясына республикалық бюджеттен 88 миллион теңге бөлінген. Ол туралы Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, ерікті  тапсырылған атыс қаруы үшін 30 мыңнан 306 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі. Сыйақы мөлшерін арнайы комиссия тағайындайды.

«Мысалы, 100 АЕК-ке дейін немесе 306 мың теңге әрбір автоматты ойық қаруды тапсырған үшін алады. Тапанша мен револьвер үшін 122 мың теңгеге дейінгі мөлшер төленеді.  Бұл ретте тегіс ұңғылы қарудың әрбір бірлігі 91 мың теңгеге бағалануы мүмкін. Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссия қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат береді», – деді ҚР ІІМ ӘПК бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир