«Бағдаршам түгілі белгі де жоқ»: Наурызбай ауданының тұрғындары қауіпті қиылыстан өтуге қорқады

«Бағдаршам түгілі белгі де жоқ»: Наурызбай ауданының тұрғындары қауіпті қиылыстан өтуге қорқады
Балалар мектепке бару үшін дәл осы қиылыстан өтеді екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жүргіншілер жолағын жасауды сұраймыз!» Күн сайын көлік жолынан жүрексіне өтуге мәжбүр болған Наурызбай ауданының тұрғындары «Алматы» тееларнасына осылай деп шағымданды.

Олар Бекешев пен Талшын көшелерінің қиылыстарына арнайы белгі қоюды талап етіп отыр. Өйткені, мұнда көшенің бір бетінен екіншісіне өту үшін жаяу жүргінші жолағы қарастырылмаған. Ал, аумақтан көптеген бала мектепке қатынайды екен. Осыны ескерген халық, судай сапырылысып, үздіксіз жүйткіген көліктерге шектеу қойса деп отыр. «Өмірімізге қауіп төне ме» деп алаңдаған тұрғындар жүргіншілер жолағын жасап берсе дейді.

- Бағдаршам жоқ, көліктер жоғары жылдамдықпен жүйіткіп өткен кезде жанымызды шүберекке түйеміз. Жолдың арғы бетіне өту мұң, біреу қағып кете ме деп жалтақтап жүреміз. Балаларымыз уайым. Сондықтан бұл жерге бағдаршам қойым, даяу жүргіншілер жолағын сызып берулері керек.

- Мектепке баламды күніге апарып, күніге өзім алып қайтамын. Өйткені Бекешев пен Талшын көшелерінің қиылысы өте қауіпті. Көліктер өте көп, ешқайсысы жаяу жүргіншіге жол бермейді. Олардың тоқтауы да өздері үшін қауіпті. Бізді мақұл, ең болмаса балаларымыз үшін жүргіншілер жолағын салып беруді талап етеміз, - дейді Наурызбай ауданының тұрғындары.

Ал, бұл сауалдарға бейсенбі күні 19:30-да Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғаев тікелей эфирде «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында жауап береді.

Наурызбайлықтар мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, WhatsApp мессенджері арқылы жазбаша, аудио, фото және бейнежазба ретінде жіберсе де болады. Сонымен қатар, тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.

Новости партнеров