|
10.10.2023 | 16:39
2679

Президент Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесті

Тоқаев демеушілердің қолдауымен салынған ауылдың орталық алаңымен танысты

Президент Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесті Акорда

Президент былтыр бой көтерген «Еңбек аллеясында» еңбек адамдарымен жүздесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарын жоғары бағалап, елдің өркендеуі үшін тер төгу керек екенін айтты. Әлем теңселіп тұрғанда шаңырақты шайқалтпай, жұмыр жұдырықтай жұмылу қажет деген Президент бүгін қарапайым еңбек адамдарымен жүздесті.

Қызылорда облысына сапармен барған Президент жүздесуге келген кісілерге адамдардың бейнеті мемлекет тарапынан бағаланатынын айтты. Сонымен қатар әлемдегі геосаяси жағдайға да тоқталып, ауызбіршілікке шақырды.

– Шын мәнінде, еңбек адамдары халқымыз үшін ең қажет азаматтар. Ең алдымен, біз еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керек. Сіздер осы ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаевтың жолын жалғап жүрсіздер. Сондықтан мен сіздерді қолдаймын, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев демеушілердің қолдауымен салынған ауылдың орталық алаңымен танысты. Мұнда жергілікті халық, футбол, волейбол, үстел теннисі сынды спорт түрімен айналысады. 

Ал Сыр еліндегі құны 20 миллиард теңге болатын жолаушылар терминалының құрылысы келер жылы аяқталады.

– Жоба құны – 20 миллиард теңге. Демеуші 15 млрд 700 млн теңге беріп, көмек көрсетіп жатыр. Ал 4 млрд 300 млн теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған, абаттандыруға бағытталды. Қазіргі таңда 80 пайыз жұмыс бітті. 2024 жылы мамырда ел игілігіне табыстаймыз, – деді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев

Жиын соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолын тезірек кеңейтуді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл мәселені Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға бақылауға алуға пәрмен берді.

Өмір Серікбекұлы, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир