|
17.06.2022 | 16:40
912

Алматыда V республикалық азаншылар сайысы өз мәресіне жетті

Сайысқа 20 азаншы қатысты

Алматыда V республикалық азаншылар сайысы өз мәресіне жетті Almaty.tv

Бүгін Алматыда V республикалық азаншылар сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

20 қатысушының арасынан киелі Түркістаннан келген Қуаныш Сейітханов жарыс жеңімпазы атанды. Ақтық кезеңге өтіп, орын алған өзге де азаншылар ұйымдастырушылар тарапынан ынталандыру және ақшалай сыйақыға ие болды. Іс-шараға еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған діни басқарма өкілдері мен әр аймақтан келген имамдар қатысты.  

«Азан – қасиетті амал. Азан – дінге деген, имандылыққа деген насихат. Еліміз «азаны бар ел азбайды, бірлігі бар ел тозбайды»деген мақал бар», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

«Ең әуелі Алла тағалаға сансыз мадақ, мақтау айтамыз. Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлына да алғысымыз шексіз», – деді жарыс жеңімпазы Қуаныш Сейітханов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир