Шымкентте жаяу жүргіншілер жауапкершілікке тартылды

elements.envato.com
elements.envato.com
15-17 қаңтар аралығында “Жаяу жүргінші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 500-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Мегаполис жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының алдын алу және оны болдырмау, жаяу жүргіншілердің жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15-17 қаңтар аралығында “Жаяу жүргінші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. 

Шара барысында тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тарапынан болған 4072 заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде рөлде телефон пайдаланған 276 тұлға, қауіпсіздік белдігін тақпаған 391 адам, маневр жасау қағидасын бұзған 112 азамат пен жол жүру қағидаларын бұзған 519 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бұған қоса 97 автокөлік айыптұраққа қойылды. Қала полицейлері азаматтарға жол жүру ережесін қатаң сақтауды және жол қозғалысына қатысушы өзге де тұлғаларға құрметпен қарауды ескертті.

Оқи отырыңыз: Ақша бопсалаумен айналысқан күдікті қолға түсті

Новости партнеров