Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты

16.09.2023 21:43

Іс-шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру

ҚР Бас прокуратура

16 қыркүйекте елордада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұқаралық іс-шараның негізгі мақсаты - қаламыздағы тазалықты сақтау проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Бас прокуратура қызметкерлері Керей, Жәнібек хандар көшесінің бойындағы (Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейін) учаскені тазартуға өз үлестерін қосты.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, прокурорлар азаматтарды тазалық іс-шараларын жиі өткізуге шақырады, бұл экологияны жақсартуға көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы азаматтарды айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды