Алматы полициясы азаматтарды айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz
Жол ережесін бұзғаны үшін 212 мың 902 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық хаттаманы ресімдеу айыппұл төлеу туралы ұйғарым түрінде ресімделеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 8 айда Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелерінің қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін 212 мың 902 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар автоматты режимде жұмыс істейтін бақылау-өлшеу техникалық құралдарын қолданған 967 мың 452 әкімшілік құқық бұзылған.

Шетелде тіркелген көліктердің жүргізушілері 42 мыңнан астам ҚР ЖҚЕ бұзу дерегіне жол берген.

Жасалған әкімшілік құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында 100 мың 340 әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алуға жолданды.

- ҚР ӘҚбК-нің 811-бабы негізінде 7 күн ішінде әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу қарастырылғанын. Осы мерзім өткеннен кейін жүйе автоматты түрде айыппұл сомасын толық сомаға аударады, содан кейін жеке және заңды тұлғалар 30 күн ішінде айыппұлды өз еркімен төлей алады. Әйтпесе, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым кірісті алу орны бойынша мәжбүрлеп өндіріп алуға немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберіледі. Айыппұлды уақтылы төлей отырып, сіз уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейсіз, өйткені сот орындаушылар мүлкіңіз бен банк шотыңызды бұғаттайды. Төленбеген айыппұлыңыз болса, сіз көлік құралын тіркеу немесе тіркеуден шығару немесе жүргізуші куәлігін ауыстыру операциясын орындай алмайсыз. Сондай-ақ айыппұлдардың бар-жоғын Электрондық үкімет порталында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында тексеруге болады, - деді Алматы қалалық ПД ӘПБ Әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Сәкен Айнақұлов.

Дереккөз: Алматы қалалық Полиция департаменті 

Новости партнеров