Бауыржан Момышұлын мазаққа айналдырғаны үшін Тұрсынбек Қабатовтың әйелінің үстінен арыз түсті

kyn.kz
kyn.kz
Астана қалалық Полиция департаменті жуық арада шешімін жария етуі тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шоу-бизнес өкілінің бұл әрекетін батырдың келіні Зейнеп Ахметова да сынға алып, наразылық танытқан еді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі kyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы М.С.Төлебаевтың атына арыз жолдап, Мөлдір Мұқанды Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының бейнесін мазаққа айналдырғаны үшін заң алдында жауапқа тартуды талап етті. 

Бағдарламада Бауыржан Момышұлының басының орнына өз басын қойып, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың батырды келемеж еткенін көруге болады.

Кейін дау тудырған түсірілімге қатысты түсініктеме берген арна басшысы жоба форматын түсіндіре келе: 

- Ойын шарты батыр бабамыз Бауыржан Момышұлын және өзге де танымал тұлғаларды мазақ ету мақсатында емес, дәріптеу үшін жасалғанын айтамыз, – деп ақталған.

Шоу-бизнес өкілінің бұл әрекетін батырдың келіні Зейнеп Ахметова да сынға алып, наразылық танытқан еді.

- Бұл оқиғаға байланысты Қазақстанның түпкір-түпкірінен офицерлер бізге хабарласып, наразылығын білдіріп жатыр. Мұндай арсыздыққа қалай жол беріп қойдық? Дүниежүзіне танылған батырымызды келеке жасаған сайқымазақтардың әрекетіне неге тосқауыл қоймаймыз? Біз, Қазақстанның офицерлері, телеарнаның және батырды мазақ еткен әйелдің әрекетін қатаң айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеміз! Бұл – Халық батыры Бауыржан Момышұлын ғана мазақ ету емес, барлық соғыс ардагері мен офицерлерді, керек десеңіз, қазақ халқын мазақ ету! Мұндай бассыздыққа ешқашан жол беруге болмайды!, – деді Махмұд Өтегенұлы.

Арызда «Қазақстан Республикасының азаматы Мөлдір Мұқанның әрекетінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігінің нормаларына сай қылмыстың белгілері бар екені» айтылған. Сондай-ақ «Офицерлер одағы» Мөлдір Мұқанға қатысты қылмыстық іс қозғауды, телеарна басшылығын жауапқа тартуды сұрайды.

Генерал М.Телеғұсовтың айтуынша, Астана қалалық Полиция департаменті арызды қабылдап алған және жуық арада шешімін жария етуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Сарайшықтан көне кесененің дромосы табылды

Новости партнеров