Қазақ спортының дамуына ғана емес, сондай-ақ, еліміздің қоғамдық өміріне етене араласып, қазақстандық палуандардың әлемдік жарыстарға алаңсыз дайындалуына атсалысты. «Сәуле-Ғұмыр» бағдарламасы грек-рим күресінің шебері, Олимпиада және әлем чемпионы, қазақтың маңдайына біткен палуаны – Жақсылық Үшкемпіровке арналды. Өмірде танып-білген жақын адамдары Жақсылық Үшкемпіров жайлы жылы естеліктерін бөлісіп, оның жарқын сәттерін айтты.
«Сәуле-Ғұмыр» бағдарламасы – ұлтқа еңбегі сіңген тұлғаларға арналған хабар. Әдебиет, өнер, спорт, медицина, қоғам қайраткерлері. Олардың бәрі де өз саласы бойынша еңбек етіп, артына өшпес із қалдырып кетті. Бағдарламаның кейіпкерлері – осындай жандар. Әр хабар белгілі бір кейіпкерге арналып, студияға қонақтар шақырылады, естеліктер айтылады. Бағдарлама әр сенбі сағат 23:00-де эфирге шығады.