Өгей әкесі жарақаттаған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды
Жағдайы орташа тұрақты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
№2 қалалық балалар аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаилов оқ тиген бес жасар баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біржан Досмаилов ауруханаға түскен кезде 4 жас 11 айлық баланың жағдайы ауыр болғанын айтты.
«Балаға операция жасалды және жағдайы тұрақталған соң стационарлық ем алу үшін жалпы хирургия бөлімшесіне ауыстырылуда. Жағдайы орташа тұрақты», - дейді ол елордада өткен брифингте.
Еске салсақ, 20 қазан күні кешке отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы мас ер адам әйеліне және оның екінші некеден туған ұлына оқ атып, жарақаттаған.
Әйел алған жарақат салдарынан көз жұмса, бала ауруханаға жеткізілген еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33