Қазақстан Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұр-Сұлтан қаласында: өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар, автосалондар, техника жөндеу орталықтары, көлік жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу. Ал, Екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, ал нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады. Ал, АЛматы қаласында өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары, нотариустер алдын ала жазылу бойынша. Сондай-ақ, тек бизнеске қызмет көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі - Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданында жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтайды.
ГРАФИКА-1
Нұр-Сұлтан қаласында:
– өнеркәсіптік кәсіпорындар
– құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері
– көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар
– ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар
– автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері
– химиялық тазалау
– кеңсе техникасын жөндеу;
ГРАФИКА-2
Алматы қаласында:
– өнеркәсіптік кәсіпорындар
– құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары
– нотариустер алдын ала жазылу бойынша
– ХҚКО – НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ, ШҰҒЫЛА Ш/А 347/1