|
31.01.2019 | 20:26
3597

Биыл Наурызбай ауданының тұрғындары судан тапшылық көрмейді

От морозов трубы будут спасать установленные печи, насосы и сбросные краны

Биыл Наурызбай ауданының тұрғындары судан тапшылық көрмейді

Алматыда Наурызбай ауданының 3 жарым мың тұтынушысы биыл ауыз судан қағылмайды. Ол үшін құны 3 миллион теңге болатын 3 су сорғысы және 15 су сүзгіш крандар орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жабдықтарды «Алматы Су» холдингі өз қаражатына сатып алған. Сонымен қатар, бірнеше су жылытқыш пештер де жұмыс істеп тұр. Насостар құбырдағы су қатып қалса, «Ақсай» өзенінен суды тартып беруге септеседі. Әрмен қарай ол тазартылып халыққа жіберіледі. Коммуналшылардың сөзінше, тұрғындар биыл суды емін-еркін тұтына береді.  

«8 шақырым жоғарыдан келетін 219 диаметрлі су құбыры қатқан жағдайда, жоғары жақтағы су құбыры бөлек ажыратылады да, халықты сумен қамтамасыз ету үшін орнатылған насос іске қосылады», – деп түсіндірді Алматы қаласы Наурызбай ауданы Коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Өркен ҚОДАРОВ.  

Есте болса былтыр қыста «Ақсай» су тоғанынан келетін құбыр қатып, 3 бірдей шағын аудан тұрғындары сусыз қалған еді. Олардың қатарында «Ақсай» клиникалық ауруханасы, көпқабатты 13 үй және 14 бау-бақша серіктестігі бар.

Наурызбай ауданы коммуналшыларының сөзінше 1970-ші жылдары орнатылған су құбырларының тозығы жеткен. Соның салдарынан апаттық жағдайлар жиі орын алады екен. Қазір құбырлар мен тоғандарды жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Енді құрылыс жұмыстары қаржы бөлінген соң басталмақ.      


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир