Павлодар тұрғыны пәтеріне кіру үшін жедел жәрдем шақырған
sn.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жедел жәрдем станциясына бір түнде қала тұрғындарынан екі рет жалған ақпарат түскен, деп жазады sn.kz.
Түнгі сағат екіде жедел жәрдем қызметіне баланың аяғы сынғаны туралы хабарлама түседі. Медицина қызметкерлері дереу оқиға орнына жеткен. Алайда, бір қызығы баланың емес, иттің аяғы сынған болып шығады. Осы үшін жедел жәрдем шақыртқан иттің иесіне дәрігерлер ветеринар маманын шақыруға кеңес беріпті.
Дәл сол уақытта тағы бір тұрғын баласының дене қызуы түспей жатқанын айтып, жедел жәрдемге хабарлаған. Сөйтсе, мас күйінде үйіне түнде келген ер адамды әйелі кіргзбей қойыпты. Содан ол үйіне кіру үшін әдейі жедел жәрдем шақырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
29.09.2026 09:58
Шымкентте күйеуінің өліміне күдікті әйел қамауға алынды
29.09.2026 19:39
Алматыда су мен кәріз қызметінің тарифтері өзгереді
29.09.2026 16:36
Абай облысында робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті
29.09.2026 08:30