Қаңтар оқиғасы Nur Otan депутаттарының лайықты беделі жоқ екенін көрсетті – Тоқаев

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі жабық режимде өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәслихат депутатының төсбелгісін жоғары кабинеттерге рұқсаттама деп қарастырмау керек. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Партия мүшелерінің өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге қатысуын күшейту қажет. Мәслихат депутатының төсбелгісін өңірлік элитаға қатысын білдіретін алдамшы атрибут немесе жоғары кабинеттерге рұқсаттама деп қарастырмау керек. Бұл оның халық атынан сайланғанын және халық мүддесі үшін жұмыс істеуі қажеттігінің айғағы. Депутаттар осы түбегейлі айырмашылықты нақты түсінуі керек. Әзірге біздің депутаттардың азаматтар арасында лайықты беделі жоқ. Бұл қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде айқын көрінді», - деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі жабық режимде өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, онда – партияның Төрағасын сайлау туралы, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы үш мәселе қаралады.

 

Новости партнеров