«Сенім» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларына демеушілер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Блогерлер мен «Бақытты болашақ» қорының мүшелері бірлесіп, психоневрологиялық ауытқуы бар мүмкіндегі шектеулі жеткіншектерге спорттық құралдар табыс етті.
«Менің ойымша біздің елімізде қайырымдылықпен айналысқысы келетін жандар баршылық. Сондықтан да оларға айтарым жаныңыздағы кез келген үйге жай ғана мейірімділік танытыңыз. Егер бізге қосылғыларыңыз келсе, келіңіздер бірге жақсылық жасаймыз», – деді блогер Айбек Қоспаев.
«Бүгінгі таңда «Бақытты отбасы» қорымен біріге отырып және кәсіптің басқа тұлғаларымен бірлесе отырып қайырымдылық шарасын бастап жатырмыз. Үкіметтің қамқорлығы бір бөлек, қауымның қамқорлығы да бір бөлек қой», – деді қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Құрманғалиев.