Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Басымдық әлеуметтік осал топтарға беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Қарашаны баспанамен қамтуға бағытталған бастаманың нақты шарттары әзірге белгісіз. Десе де 12 мың қазақстандық тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің мәліметінше, қазір жоспарлы жұмысты іске асыру үшін «Отбасы банк» 300 миллиард теңге қарастырып жатқан көрінеді. Басымдық әлеуметтік осал топтарға беріледі. Несие мөлшерлемесі 7%-дан аспайды» деді ведомство басшысы.

– 1 мамырда бағдарламаның толық шарттарын жариялап, іске қосамыз. Ол үшін нарықтан қаржы тарту керек. Ол біраз уақытты талап етеді. Бағдарлама бойынша барлық мәлімет белгілі болғанда, министрлік пен «Отбасы банкі» қызметкерлері арнайы баспасөз жиынын өткізіп, бағдарлама шарттарын түсіндіретін болады, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оқи отырыңыз: Президент су басып жатқан өңірлердің біріне барады

Новости партнеров