|
05.04.2022 | 17:06
5763

Қаңтар қасіреті: ҰҚК шекара қызметінің сарбазы жаяу жүргіншіні қағып өлтірген

Қорғаушысының айтуынша, күдікті 5 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар қасіреті: ҰҚК шекара қызметінің сарбазы жаяу жүргіншіні қағып өлтірген Almaty.tv

Алматыда ҰҚК шекара қызметінің сарбазы БТР-мен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқыс жағдай Қаңтар оқиғасы кезінде орын алған. Бұл туралы әскери прокуратура біздің арна тілшілеріне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Қорғаушысының айтуынша, күдікті 5 жылға сотталуы мүмкін. Ал айыпталушының жақындары қаладағы тәртіпсіздік кезінде сарбаздың әкімдік пен телемұнараны бұзақылардан қорғағанын алға тартты. Қатардағы жауынгер Мәди Советханұлы – 3 баланың әкесі, бір үйдің асыраушысы. Қаңтардағы бейберекет кезінде ол бронды көлікпен адам қағып кеткен.

«Рұсқұлов даңғылымен келе жатқандатық ол кісі қарсы беттен шықты. Біз асығыс болғандықтан байқамадық. Тек қағып өткеннен кейін, тоқтап  103 нөміріне хабарластық. Тиісті орган қызметкерлерін де шақырдық. Біздің әскери көлікте қорғаныш сеткасы бар, оның сырт кимі соған ілініп машинаның астына түсті. Әдейі қаққан жоқпын. Байқаусызда отандық борышымды өтеп жүріп орын алды. Сондықтан әділдік сұраймын», – сарбаз Мәди Қалантаев.

«Біздің үш баламыз бар. Асыраушымыз. Халықты, үкіметті қорғаған адамды үкімет неге қорғамайды», – деді әскери қызметкердің жұбайы Мақпал Қасымбекова.

Қорғаушы Айгерім Тоқмолдинова адам қағып кеткенін жоққа шығармайды. Бірақ әскери борышын жалғастыруын және Мәдидің ісі жан-жақты қаралуын талап етуде.

«Үш күн бойы ұйықтамаған. Сол қаңтардағы бүлік кезінде әкімдік ғимараттары мен стратегиялық аумақтарды қорғаған. 10 қаңтар кезінде террорлық шабуылға қарсы операцияға бара жатқанда байқамай адам қаққан. Негізі заң бойынша әскери ауыр техникаға жол полициясы бағыт беруі тиіс. Бірақ бұл жолы елдегі төтенше жағдайға байланысты жол полициясы қарастырылмапты», – деді қорғаушы Айгерім Тоқмолдинова.

Әскери прокуратура бұл істің қазір тергеліп, егжей-тегжейлі тексеріліп жатқандығын мәлім етті. Оқиғаға қатысы бар деген қызметкердің шұғыл операцияға шығу сәтінен бастап барлық бейнежазба қаралып жатқан көрінеді.

«Шекара әскери қызметкері Қалантаев арнайы әскери көлігімен, Рұсқұлов Тілендиев қиылысында, азамат Кимді қағып өтіп, сол жерде қаза тапқан болатын. Алматы қаласының полиция департаменті іс қозғап, тергеуді ҚР ІІМ әскери тергеу басқармасына тергеуге жолдаған. Бүгінгі таңда бұл қылмыстық іс адамның абайсызда өліміне алып келген, арнайы көлікті жүргізу қағидасын бұзу туралы фактімен, яғни ҚР қылмыстық кодексінің 163 бабы, 3 тармағымен қылмыстық іс тергелуде», – деді Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Тимур Андамасов.

Мәди Советханұлының қорғаушысы қызметтік борышын түсіне қараған жәбірленуші тарап кешірім бергенін айтады. Ал әскери прокуратура тек тергеуден соң нақты ақпарат айтатынын жеткізді.

Әлібек Шынтемір, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир