|
Jol
02.10.2023 | 18:03
4165

Жамбыл облысында снаряд жарылды: тергеу жүріп жатыр

Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді

Жамбыл облысында снаряд жарылды: тергеу жүріп жатыр Коллаж: Тахмина Молдыбекова

Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығу кезінде снаряд жарылып, 3 офицер зардап шекті. Миномет ату кезінде оқ жауынгерлердің қасына түсіп, үшеуі де аяғынан жарақат алған. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Олар оқу-жаттығуға Шымкенттен келген. Әскерилер қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Тараз гарнизонының әскери полициясымен қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдары біткеннен кейін қосымша ақпар берілетін болады. Мүгедек болған жағдайда өтемақы төленеді. Жарақаты жеңіл. Қызметін жалғастыруға 100 пайыз мүмкіндік бар, – деді 6506 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ернар Әшірбеков.

Үш жауынгердің бірін ауруханаға түскен күні үйіне қайтарыпты. Ал қалған екеуі әлі емделіп жатыр. Дәрігерлер науқастар жіті бақылауда және жақын арада олар да шығады деп мәлімдеді.

– Снаряд жарылған кезде сынықтар әр жерде қалған. Кейбіреуі еттің арасына өтіп кеткен, – деді Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда сарбаз өлімі тіркелді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир