Павлодар облысында жоғалған бала табылды

30.08.2024 21:52

Іздеуге полиция бөлімінің барлық қызметкері дереу қосылды

Павлодар облысының ПД

Ертіс ауданының полицейлері жоғалған баланы тапты. деп хабарлайжы Almaty.tv.

29 тамызда полицияға Сілеті ауылының тұрғынынан телефон қоңырауы келіп түсті, ол жиенімен аудан орталығына медициналық тексеруден өтуге келген.

Оның айтуынша, жиені үйдің ауласына ойнауға шығып, біраз уақыт көрінбегесін, іздей баста,ан, содан кейін полицияға қоңырау шалды.

Іздеуге полиция бөлімінің барлық қызметкері дереу қосылды. Екі сағаттық іздеуден кейін баланы полиция Арғын Тезекпай мен Қанатбек Серікберген тауып алды, оған бала серуендегісі келгенін, бірақ бағдардан адасып, қайда екенін білмегенін айтты.

- Бірнеше топқа бөлініп, өз секторымыз бойынша іздей бастадық және біраз уақыттан кейін жоғалған балаға ұқсас белгілері бар баланы көрдік. Оның деректерін анықтап, туыстарына баланың табылғанын хабарлады. Үйге барар жолда олар сөйлесіп, Білім күні қарсаңында оған сыйлық беруді шешті. Бала ізденімпаз және әлемді білгісі келетіндіктен, оған глобус пен бояу суретін бердік. Ол қатты қуанды. Оқу жылының басталуымен құттықтадық, - деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полицейі Серікберген Қанатбек.

Өз кезегінде баланың туыстары Арғын мен Қанатбекке алғысын білдіріп, зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.

Оқи отырыңыз: Күйеуімен ұрысып қалған әйел орманда адасып кетті