АЭС салу бойынша референдум өткізу үшін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін 30 мыңнан астам маман оқудан өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін жалпыхалықтық дауыс беруге дайындық пысықталды. Жиын барысында елдегі облыс пен қалалардың аппарат басшылары өз аумақтарындағы сайлау учаскелерінің даярлығы туралы баяндады. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматы, Астана және Шымкентте азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалуы керек екенін айтты. Оның сөзінше, бұл аймақтарда миграциялық көші-қон дамыған.
– Түркістан облысында тұратын бірақ Шымкент қаласына барып жұмыс істейді. Олар дауысын қалай береді? Негізі жұмыс орнына барып, сөйлесуге болады, анықтап алыңыздар, – деді ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оқи отырыңыз: АЭС: жобадағы «атом» деген сөзден көпшілік сескенеді - Асуан Сиябеков