Биылғы жылы қандай түс сәнде болмақ

Биылғы жылы қандай түс сәнде болмақ
«Pantone» халықаралық зерттеу институты 2021 жылдың басты түсін атады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жыл. Ал сіздің гардеробыңыз жаңа  маусымға дайын ба? Биыл қандай түс сәнде болмақ? Қандай киімдер трендте көш бастайды? Сән әлеміндегі соңғы жаңалықтар туралы Almaty.tv тілшісі Айзада Биданның репортажы.

«Pantone» халықаралық зерттеу институты 2021 жылдың басты түсін атады. Сиыр жылында сарғыш, ашық реңкті киім-кешектер трендтке айналмақ.

«Басты түс – сары. Түске байланысты ашық түстер сәнде. Соңғы 4-5 жыл көлемінде жарық түстер сәнге айналды. Ол көңіл-күйді көтереді, көшеде жүргенде ерекшеленесің», – деді дизайнер Бақыт Нуратдинова.

Ендеше гардеробыңыздан сары түсті киімдерге орын табатын кез келді. Оның трендегі киім болғаны тіпті дұрыс. Ал биылғы жылдың жаңа топтамасы – ретро стиль.

«40-45 жылдары кең болып, манжетімен бірге тігілген, етегі ақырын ғана кеңейген көйлектер биыл сәнде», – деді дизайнер Бақыт Нуратдинова.

Ал қала тұрғындары сән әлемінен қаншалықты хабардар? Олар ыңғайлы киім таңдай ма, әлде су жаңа трендті үстемдік ете ме?  

«Менің ойымша, биыл ашық түстер сәнде, трендте десекте болады. Мен өзім ашық түстерді ұнатамын», – деді қала тұрғыны Айгерім Асылбек.

«Биыл сары түстер сәнде. Инстаграм желісінде байқап жүремін және өзім сән бойынша киінген дұрыс деп есептеймін», – деді қала тұрғыны Эльнара Қалимжанова.

Биылғы тренд сары түс деп танылды. Әлем дизайнерлерінің ортақ байламы осы. Несі бар, көңілді көтеретін жарық түс, жақсылықтың нышаны болып табылады және ғажап әсерге бөлейді дейді сән мамандары.

Айзада Бидан, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров