Алматылықтардың қайырымдылық есебіне ҚР Тұңғыш Президентінің Қорынан 100 миллион теңге түсті

Алматылықтардың қайырымдылық есебіне ҚР Тұңғыш Президентінің Қорынан 100 миллион теңге түсті
Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтардың қайырымдылық есебіне ҚР Тұңғыш Президентінің Қорынан 100 миллион теңге түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов хабарлады.

Спикер коронавирустың таралуы салдарынан күрделі жағдайларға душар болған ардагерлер мен мүгедектерге алаңдаушылық білдірді.

«Мұндай адамдарға біздің таза көңіліміз бен қамқорлығымыз қажет. Әрине, материалдық көмек айтарлықтай демеу болады», — деді Р. Алшанов.

Оның мәліметі бойынша, Қор құрылған кезден бастап 711 млн теңгеден астам демеушілік қаржы игерілген, олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жұмсалған.

2011 ж.: 145 млн – Парк «Халық»; спорттық-ойын сауық кешенін іске қосуға;

2012-2013 жылдар.: 150 млн – «Біздің тауларымызға көмектесеміз» қоғамдық акциясына;

2015 ж.: 114 млн – «Селден зардап шеккендерге көмектесеміз» акциясына;

2019 ж.: 76 млн – Арыс қаласын қалпына келтіруге көмек көрсетуге;

9 млн — «Бек Эйр» самолетінің авиаапатынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалды.

Р. Алшанов бөлінген қаржылар мен олардың жұмсалуы міндетті түрде ашық болатынын атап өтті. Қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандыру органдары көмекке өте мұқтаж адамдардың тізімдерін жасап, ұсынуда.

Бұдан өзге, осынау игілікті іске ниет білдіргендердің барлығы есепті толтыруға, сонымен қатар қарттар мен мүгедектерге нақтылы көмек көрсетіп жүрген волонтерлар қозғалысына қатыса алады.

Новости партнеров