|
04.12.2019 | 21:20
3752

Биыл Алматыда зияткерлік және шығармашылық сайыстарда 352 оқушы топ жарған

Олардың қоржынында 90 алтын, 124 күміс, 138 қола медаль бар

Биыл Алматыда зияткерлік және шығармашылық сайыстарда 352 оқушы топ жарған Almaty.tv

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанған оқушыларды марапаттады. Биыл Алматыда 352 оқушы 28 зияткерлік және шығармашылық сайыстарда үздіктер қатарынан көрінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Олардың қоржынында 90 алтын, 124 күміс, 138 қола медаль бар. Қалалық тәлімгерлер Президенттік олимпиада мен ғылыми жобалар бойынша да командалық өнер көрсетіп, оқ бойы озып шыққан. Шараға келген оқушылар мегаполис атынан түрлі жарыстарда жүлдеге ие болғандарды «Алматы дарыны» төсбелгісімен марапаттауды ұсынды. 

«Жеңімпаздарды құттықтаймын. Сіздерді осылай тәрбиелеген ата-аналарыңызға, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңызға мың алғыс. Алматы қаласының оқушыларының республика бойынша алдыңғы қатардан көрінуі – біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, қала тәлімгерлері білім-ғылымда биіктен көрінуі керек», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир