|
04.12.2019 | 18:09
5987

Eurosport пен Alma TV байқау жариялайды

Фотобайқау жеңімпазына фирмалық сноуборд табыс етіледі

Eurosport пен Alma TV байқау жариялайды Almaty.tv

Қыс мезгілін Eurosport арнасы және Alma TV компаниясымен бірге өткіз. Жаңа маусымды ең ірі кабельдік хабар тарату операторы осындай ұранмен ашты. «Oi Qaragay – Лесная Сказка» тау-шаңғы кешенінде өтетін қысқы маусымның ашылуына Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары шақырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қыста таза ауада тыныстап, демалыс ұйымдастырғанға не жетсін! Бұл ретте Alma TV компаниясы Eurosport телеарнасымен бірлесе, қала тұрғындары мен қонақтарына арнап  қызық байқау өткізбек. Келушілер Alma tv мен Eurosport дайындаған арнайы фотозонада суретке түсіп, кез-келген әлеуметтік желіге #Almatv_Eurosport хэштегімен жүктесе болғаны. 18 желтоқсан күні ұйымдастырушылар барлық суреттерді іріктеп, жеңімпазды анықтайды.  

«Қыс келді. Eurosport-тың қысқы маусымы басталды. Арна биатлоннан, шаңғы жарысынан бастап, шаңғымен құлдилап таудан төмен түсу, секіру сияқты қысқы спорт түрлерінің барлығынан хабар таратады. Осының бәрін Alma tv -дан тамашалап, біздің компания ұйымдастырған «Oi Qaragay Лесная сказка» тау-шаңғы демалыс орнында өтетін акцияға қатысыңыздар", - деді Alma Tv компаниясының PR менеджері Павел СЕМЕНОВ.

Фотобайқау жеңімпазына табыс етілетін бас жүлде – фирмалық сноуборд.

Айта кетейік, жүлдегер сол жеңіп алған сноубордымен аталған демалыс орнында сырғанауға мүмкіндік алады. Биыл тау-шаңғы курортында трассалардың саны көбейіп, қашықтығы ұзартылған. Мысалы, бұрын мұнда ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 13 трасса болса, қазір олардың ұзындығы 20 шақырымға жетті. Одан бөлек, қосымша жалға беру пункттері де ашылды. Сондай-ақ, 65 кәсіби нұсқаушы жұмыс істейтін тау-шаңғы мектебінің жаңа нүктелері жұмыс істеп тұр. Мамандар 3 жастан асқан балалардың өзін 2 сағат ішінде шаңғымен сырғанауға баулиды.  

«Біз мұндағы трассалардың сапасын жақсарттық. Ландшафтты өзгертіп, қауіпті зоналарды алып тастадық. Тау-шаңғы трассаларын тастан түгелдей тазарттық. Қазір олардың сапасы тіпті керемет. Одан бөлек, жаз бойы қарландыру жүйесін қосып қойғандықтан, қысқы маусым былтырғыдан әлдеқайда ұзағырақ болмақ», - деді ALINA GROUP ЖШС жарнама және PR бөлімінің басшысы Майя ЛЕОНОВА.

Alma TV кабельдік телевизия операторы қашан да салауатты өмір салтын қолдайды. Сол себепті де компания қысқы маусым акциясын табиғаты ерекше сұлу жерде өткізбек. Өтініштер желтоқсан айының ортасына дейін қабылданып, байқау екі аптаға созылады.

Сая Меңдеке, Денис Земцов, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир