|
18.08.2020 | 16:57
4680

Алматыда карантин режимін бұзған 3500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

Алматыда карантин режимін бұзған 3500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды @almaty_akimat

Алматыда 20 шілдеден бастап карантин режимін бұзған 3500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 120-дан астамы заңды тұлға, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы күнге дейін тәртіптің сақталуына полицейлер де атсалысып келеді деді онлайн өткен брифингте Қанат Таймерденов. Дегенмен халық қауіптің сейілгенін түсінбей той өткізетінін, рұқсат етілмеген жерлерге жасырын баратынын айтып қынжылды. Сөзінше, рейд кезінде көптеген осындай жәйттер анықталған.

«Рейдтер кезінде 5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 дәмхана, 17 мейрамхана, 12 массаж бөлмесі, 7 караоке клубы анықталды, олардың иелеріне СЭС қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес 230  айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен 39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир