Халықаралық Радио драматургия байқауында қазақстандық Айнұр Кәрім жеңіске жетті

habr.com
habr.com
Бұл жылы конкурсқа 104 елден 854 жұмыс келіп түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

BBC Дүниежүзілік қызметі мен British Council 2020 жылғы Халықаралық Радио драматургия байқауының жеңімпаздарын хабарлады. Бұл жаһандық байқау драматургтерге радио драманың медиасын қолдануға, халықаралық аудиториямен байланысуға бірігей мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі britishcouncil.kz-ке сілтеме жасап.

2018 жылғы байқаудағыдай бір жеңімпаз «Ана тілі – ағылшын» категориясынан таңдалып, екіншісі «Ағылшын – екінші тілі» категориясынан таңдалды. Екі жеңімпаз да келесі жылы Лондонға BBC Дүниежүзілік қызметінде өз шығармаларының қойылымын көруге барады. Сонымен бірге ресми марапаттау рәсіміне қатысады.

Қазақстандық Айнұр Кәрім «Ағылшын – екінші тілі» категориясы бойынша үздік деп танылды. Оның шығармасы – Паспорт. Оқиға желісі бойынша, студент паспорт тауып алып, өршіп жатқан әлеуметтік келеңсіздік пен отбасының қарсылығына қарамастан қайтарып беруді жөн көреді. Бұл – саяси шиеленісі бар отбасылық комедия.

«Мен бақыттымын, қуаныштымын, өзіммен мақтанамын. «Паспортты» Халықаралық драматургия жарысына арнайы жаздым. Бұл менің елімдегі 2019 жылы маусымда болған оқиғаға негізделген», – деді Айнұр Кәрім.

Сценарийлерді қазылар бағалады, оның құрамына осы жылғы аудио-драма сыйлығының лауреаты және продюсер, Патрисия Кампер, Королдіктің өнер қауымдастығы мүшесі, белгілі сахна және телевизия актері Нина Сосаня және продюссер, сценарист және актер Найджел Хастингс кірді.

Бұл жылы конкурсқа 104 елден 854 жұмыс келіп түсті. Қазылар жұмыстарды оқып, соңғы айналымға 15 елден келген жұмысты қалдырды.

«Биылғы байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен қалыптасқан және жаңадан қосылған жазушылардың жаңа және өнертапқыштық сценарийлері бақ сынасты. Оқиғалармен бөлісу – бұл бір-бірімен байланысудың күшті тәсілі, әсіресе мұндай физикалық саяхат шектелген кезде. British Council бұл байқауды бүкіл әлем бойынша жаңа драматургтерді дамыту және жаһандық суретшілерге жаңа мүмкіндіктер табуға көмектесу бағдарламасы шеңберінде қолдайтынын мақтан тұтады», – деді British Council-дің театр және би жөніндегі директоры Нил Уэбб.

«Осыншама тартымды әңгімелерді оқып, әр түрлі дауыстарды естіп, әртүрлі әлемдерді көру мен үшін үлкен бақыт және мәртебе болды. Байқау шынымен де халықаралық болды және шешім қабылдау өте қиын болды», – деді Панельдің төрағасы Найджел Хастингс қазылар алқасы туралы.

«Жалпы стандарттар мен бұрын-соңды болмаған деңгейден жоғары болды. Биылғы байқауға әлемнің жаңа дауыстары мен көзқарастарын ұсынатын көптеген елдердің қатысуы керемет болды. Сыйлықтың қатысушыларға шынайы адами сценарийлер жазуға және осындай жоғары сапаға шабыттандырып отырғанына қуаныштымыз. Біз ВВС Дүниежүзілік қызметінің бүкіл әлемдегі драматургтерді қолдаудағы рөліне өте қуаныштымыз», – деді BBC Дүниежүзілік ағылшын қызметі қазылар мүшесі және аға комиссиялық редакторы Стив Титерингтон.

Новости партнеров