Мәжілісте балаларға Ұлттық қордан төленетін төлем туралы заң жобасы мақұлданды

 Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Бұл туралы қаржы вице-министрі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжілісте балаларға Ұлттық қордан төленетін төлем туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Енді келесі жылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады. Бұл туралы қаржы вице-министрі мәлімдеді. Дәурен Темірбековтің айтуынша, аталған қаражатқа елдегі инфляция жағдайы әсер етпейді. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады.

«Баланың ата-анасы болсын, басқа да асыраушысы болсын, оларды қоса қаржыландыру көзделмеген. Себебі мақсатты талаптар іс жүзінде Ұлттық қорда болады. Сондықтан бала 18 жасқа толғанда ғана ол ақшаға тікелей қол жеткізе алады. Ал баланың немесе ата-анасының жеке қаражаттарын мақсатты қаражатқа қосу ешқандай заң бойынша тыйым салынбайды», – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Унзила Шапақ.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі мен Азия даму банкінің президенті ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Новости партнеров