Елде әзірге той жасауға рұқсат жоқ

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Қазіргі эпидемиялық жағдай ондай кез келген шараға рұқсат беруімізге мүмкіндік бермейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда әзірге көп адам жиналатын отбасылық шаралар өткізуге болмайды, деді елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі  zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

«Өкінішке қарай, жағдай солай. Қазір отбасылық мерекелер, көп адамның жиналуымен байланысты кез келген шараларға тыйым салынған», – деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг кезінде.

Оның сөзінше, әзірге отыратын орындар саны 50-ден аспайтын кафе мен ресторандар жұмысына ғана рұқсат, бірақ бұл да ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат дегенді білдірмейді.

«Қазіргі эпидемиялық жағдай ондай кез келген шараға рұқсат беруімізге мүмкіндік бермейді. Спорттық, мәдени-бұқаралық, отбасылық немесе рәсімдік шаралар болсын, бір жерде көп адамның ұзақ болуына тыйым бар. Біздің жеңілдету шараларымыз эпидемиялық жағдайға байланысты әр өңірде жеке енгізіледі. Бәрі өз қолымызда», – деп қосты бас санитарлық дәрігер.



Новости партнеров