Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелді

25.09.2023 21:59

Іс-шарадан бас тартқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Иллюстративное фото catalog-photo.ru

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі. ІІМ ақпарына сай, 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жеке куәлік, төлқұжат, шетелдіктерге ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру кезінде саусақ іздері де алынбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал одан бас тартқан жағдайда азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жауапты ведомство бұл әрекеттің мақсаты – адамның мүддесін қорғау, оның заңды құқығын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп сендірді.  

– Дактикоскопиялық тіркеуге 16 жасқа дейініг барлық Қазақстан азаматы және Қазақстан аумағында тұратын шетел азаматтары алынады. Ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті түрде өтеді, – деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаев.

Оқи отырыңыз: Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін eGov mobile арқылы ресімдеуге болады