«Ұлттық қор – балаларға» заңы Президентке қол қоюға жіберіледі. Бүгін Мәжіліс депутаттары құжатты екінші мәрте қарастырып, Сенат жолдаған түзетулермен келісіп, заң жобасын қабылдады. Белгілі болғандай, онда барлығы 10 түзету енгізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтсақ, бұған дейін сенаторлар ақшаны жинақтау қорына аударған кезде доллардың бағамы әртүрлі болуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Сондықтан оны өзгертуді сұраған еді. Ұсыныстар ескеріліп, енді құжат Президентке қол қоюға жіберілді.
Заң жобасы келер жылдан бастап күшіне енуі тиіс.
– Заңға 10 түзету енгізілді, оның ішінде: редакциялық-нақтылау сипатындағы 5 түзету, Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес келтіруді көздейтін заңдық сипаттағы 5 түзету, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.
Оқи отырыңыз: Президент Ван Хунинмен келіссөз жүргізді