Жетісу облысында судағы қауіпсіздікке жауапты полициясы бөлімі құрыла ма

elements.envato.com
elements.envato.com
Су көлігін пайдалану маусымы ұзақ болмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының Жетісу облысында су полициясы бөлімшесін құруға қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды, Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

- Жетісу облысында су көлігін пайдалану маусымы ұзақ болмайды. Осы ретте көлдердегі жүзу құралдарын бақылауды қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғаның алдын алу үшін қажетті іс-шара жүйелі түрде жүргізіледі, - деді Әлихан Смайылов жауабында.

Оның атап өтуінше, «Назар аударыңыз! Шағын флот!» атты акцияны өткізу аясында Алакөл көлінде 300 тексеру жүргізіліп, 62 әкімшілік заңбұзушылық анықталды және 703 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 - Сонымен қатар су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі функция Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыретіне кіреді. Осыған байланысты Жетісу облысы көліктік бақылау инспекциясының штат санын ұлғайту және су полициясы бөлімшесін құру орынсыз деп есептейміз, - деді Үкімет басшысы.

Оқи отырыңыз: Полицейді шәйнекпен ұрған азамат бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Новости партнеров