«Кедергісіз келешек»: Алматыда 1 мыңнан астам мүгедек жан жұмыспен қамтылды

«Кедергісіз келешек»: Алматыда 1 мыңнан астам мүгедек жан жұмыспен қамтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Кедергісіз келешек» бағдарламасы жүзеге асқан 5 жыл ішінде Алматыда мыңнан аса мүгедек тұрақты жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, 2 мыңнан астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға қарай икемделді. Әрбір ғимарат иесі есік алдына пандус орнатуға міндеттелді. Ал жобаның басты мақсаты – 2020 жылға қарай мүгедектерге 100 пайыз кедергісіз ортаны қамтамасыз ету болып отыр.

Айта кетсек, «Нұр Отан» партиясында «Кедергісіз келешек» акциясы жылына 4 рет өтеді. Биылғы жылдың алғашқы қабылдауы таңғы сағат 10-нан басталып, кешкі 17:00-ге дейін жалғасты.  

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өкілі ретіндегі менің ойым – бұл акцияның дәл мен секілді азаматтарға берері мол. Адам өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін ең бірінші, еңбекпен қамтамасыз етілуі керек. Еңбекпен қамтамасыз етілуде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамда кездестіретін қиындықтары мен кедергілерін шешуде қоғамдық орындардағы инфрақұрылымның маңызы зор», – деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасының үйлестірушісі Меруерт СҮЛЕЙМЕНОВА.

«Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көптеген көмек көрсетіледі. Мысалға алсақ, жұмыс барысында немесе түрлі қайғылы оқиғаға байланысты аяқ-қолынан ауыр жарақат алған жандарға мемлекет тарапынан протездік көмек көрсетіледі. 25 мыңға жуық адам мүгедектерге арналған қажетті заттармен қамтылды», – деді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы Жәнібек ҚАРАТАЕВ.


Новости партнеров