8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен София Молдағалиеваны Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, орынбасарлары Бауыржан Жақып және Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибек құттықтап барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
95 жастағы София Молдағалиева, әлі де тың. Күнделікті жолдасының шығармаларына шолу жасап, ыстық естеліктерге саяхаттайды.
Бүгін де ҚР Жазушылар одағының өкілдерімен бірге Жұбан ағаның жазбаларын еске алды.
- 8 наурыз халықаралық аналар, қыздар мерекесімен барлық аруларды құттықтаймын. Көктемнің осындай керемет мейрамымен жазушы азаматтар келіп, мені құттықтап жатыр, сіздерге алғысым шексіз. Бақыт, денсаулық, бейбіт өмір тілеймін, - деді София Молдағалиева.
Көркем сөз шебері, қазақ және кеңестік поэзияны дамытуға өлшеусіз үлес қосқан айтулы ақын, жауынгер. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы. Шоқтығы биік шығармашыл жан, ұлт әдебиетінің дамуына қомақты үлес қосқанымен есте қалды.
"Мен қазақпын" поэмасының авторы 1920 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Жыланды ауылында дүниеге келген. Әкесі жастайынан қайтыс болып, анасы Зәріптің тәрбиесінде өскен. Өлең-жырға ерте әуестенген Жұбанды жастайынан анасы алдына алып, өлеңмен сыр шертетін, шер тарқататын. Қазақ эпосының көптеген шығармасын жатқа білген анасы өлеңге баласын баулығанан Жұбан Молдағалиев өзі де айтып кетті. Қаламгердің алғашқы "Ленин тірі" атты өлеңі Оралда шығатын "Комсомол ұрпағы" газетінде 1939 басылды. Ал тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді.
Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Жұбан Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.
Оқи отырыңыз: Жарты ай демалыс: наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады