|
07.03.2024 | 16:35
273

Наурызбай ауданында аяулы жандарға арналған әдеби-сазды кеш өтті

Кеште Мұқағали Мақатаевтың жауһар жырларына негізделген қойылымды сахналанады

Наурызбай ауданында аяулы жандарға арналған әдеби-сазды кеш өтті Almaty.tv

«Аяулы жандарға арналған әдеби-сазды кеш». Алматының Наурызбай ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Сіздер үшін махаббатпен» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік жиын барысында талапты оқушылар Мұқағали Мақатаевтың жауһар жырларын орындап, ерекше қойылымды сахналанады. Ән мен күй, би мен өлең тоғысқан кешке қонақ болып Мұқағали Мақатаевтың ұлы мен келіні қатысты.

– Жас мамандармен бірігіп, сұлулық, махаббат, жастық және туған өлке жайлы өлеңдерін біріктіріп, мюзикл жасадық. Мақсат – Наурызбай ауданының және бүкіл қазақ елінің әйелдерін, аналарын, қыздарын, сіңілілерін, апаларды құттықтау, – деді № 208 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ақмарал Бәкенова.

Оқи отырыңыз: Жол саласында жұмыс істеу көпшілік ойлағандай қиын емес - Гүлмира Асанова

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир