Алматыда нан бағасы 75-85 теңгеден асырылмайды
Алматылықтар бір күнде 500 тоннаға дейін нан жейді екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда нан бағасын тұрақтандыру қолға алынды. Осы мақсатта Алматы қаласы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қаладағы 4 нан өнімдерін өндіруші кәсіпорынмен келісімге қол қойды. Құжатқа сай аталған мекеме ас атасының бағасын 75-85 теңгеден асырмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейін, алматылықтар бір күнде 500 тоннаға дейін 1 сұрыптағы нан-тоқаш өнімдерін жейді екен.
«Бұл меморандумның арқасында Ақмола облысының ұн өндірушісінен ұнды 115 теңге тұрақтандырылған бағамен аламыз және бұл жерде біз ешқандай бюджеттік ақша, қаржы сұрап отырған жоқпыз. Бұл – кәсіпкерліктің, өзара келісімнің арқасында болып отырған жағдай», – деді «Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ департамент басшысы Сұңқар ШОРНАҚОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33