«Үй кезегінде тұрғындардың мәселесін шешу үшін «5-10-20» жаңа жобасын іске қосуды тапсырдым. Оған дағдарысқа қарсы қаражаттан 390 млрд теңге бөлінеді». Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиын барысында ол, қолжетімді тұрғын үй құрылысын жүргізу экономиканы дамытуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға үлкен серпін берітінін айтты.
«Елбасы бастамасымен іске асырылған «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысына үлкен серпін берді. Үй кезегінде тұрғындардың мәселесін шешу үшін «5-10-20» жаңа жобасын іске қосуды тапсырдым. Оған 390 млрд теңге бөлінеді», – деді Президент.
Сондай-ақ, ол елімізде биыл құрылыстың рекордтық көлемі жоспарланғанын жеткізді. Нақты атап айтар болсақ 15 млн шаршы метр немесе 150 мың пәтер мен үй салынбақ.