Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ысырапшылдықпен күреспек. Осыған байланысты «жеңілдетілген ас беру мәзірін» бекітуге ұсыныс жасап отыр. Оған арнайы жүргізілген зерттеу себеп болған. Яғни, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 80 пайыздан астамы жерлеу рәсімдері кезінде кең дастархан жаю дәстүріне қарсы шыққан көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алматы азаматтық қоғам институттарының халық арасында жерлеу шығындары туралы сауалнама жүргізілді. Респонденттердің 80 пайыздан астамы ысырапқа жол берілетініне қарсы шықты. Алайда мамандардың айтуы бойынша, қиын жағдайда тұрғанына қарамастан елден қалмаудың амалын ойлап, жерлеу, ас беру шығындарын қысқартпайды. Керісінше, «мен неге одан қаламын?» деп, жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысады», – деді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар ИГІЛІКОВ.