Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген темір тұлпарлар Ішкі істер министрлігінің базасына енгізілді. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары айтты. Енді шетелдік көлік тізгіндеп жүргендер де жауапқа тартылатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Егер 2018 жылы жол жүру ережелері 27 мың мәрте бұзылса, былтыр бұл көрсеткіш 3,5 есеге артты. Атап айтсақ, 92 мың заңбұзушылық орын алды. Олардың басым бөлігін жауапкершілікке тарту мүмкін болмады. Себебі қолымызда ешқандай мағлұмат болмады», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік ТҮСІПОВ.