Су тасқыны: биыл көктемгі егіс науқанына қосымша қаражат бөлінді

Almaty.tv
Almaty.tv
Ауыл шаруашылығы вице-министрі елімізде бидай қоры жеткілікті екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су тасқыны биылғы егіс науқанына кесірін тигізбейді. «Дала диқандарының жауапты жұмыстары ойдағыдай жүріп жатыр». Осылай деген Ауыл шаруашылығы вице-министрі елімізде бидай қоры жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аманғали Бердалиннің сөзінше, биыл көктемгі егіс науқанына қосымша қаражат бөлінген. Үкіметтің қолдау қаржысы аймақтардағы шаруаларға берілген. Қазір елдегі егістіктің жалпы көлемі – 23 млн 800 гектарға жеткен. Бүгінде 14 млн гектар жерге егін егілді.

– Су тасқыны жағдайын ескеріп, шаруаларға қолдауды күшейттік. Шаруа қожалықтарына биыл қосымша 300 млрд теңге берілді. Қаражат, жанар-жағармай – барлығы уақытында қамтамасыз етілді. Бәрі ойдағыдай іске асырылып жатыр, ешқандай кедергі жоқ, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Оқи отырыңыз: Апельсин шырыны неге қымбат


Новости партнеров